Қазығұртта дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Қазығұртта эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты.
Дәрі-дәрмек қорына келер болсақ. Облыс әкімдігінен босатылған қажетті 41 дәрілік заттар бойынша 5 дәріханамен меморандумға отырған болатынбыз. Егер де аудандағы дәріханаларда дәрі-дәрмек шектік бағалардан асырып сатып жатқан фактілер болса, ауданымыздағы «Адалдық алаңы» жобасы кеңсесіне хабарласаңыздар болады. Аудандық ауруханада да тегін берілетін дәрімен қамтылған. ИВЛ аппараттары, оттегі концентраттары да жұмыс барысында, емдік шараларында пайдаланылып келеді. Оттегі баллондары да артығымен қамтылған. Сондықтан да эпидемиологиялық дағдай тұрақтанып келе жатыр деп айтуға болады, - дейді аудан әкімі.
Санитарлық талаптар мен залалсыздандыру жұмыстары бойынша аудан қорынан 5 миллион 637 мың теңге бөлінген болатын. Әр ай сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіліп келеді. Бір ай ішінде 346 көше мен тратуар мен алаңдарға, 415 шаршы шақырым жол залалсыздандырудан өтті.