Сарыағаш: Этносаралық түйіткілді мәселелер қаралды
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын.
Сарыағаш аудандық прокуратурасы бастама көтеріп, аудан әкімдігімен бірлесе "Этносаралық қатынастарды зерттеу, талдау, тәуекелдерді болжау және алдын алу шараларын ұйымдастыруға арналған бірлескен жоспар жасалып, бекітілді.
Бұл бағытта кейінгі жылдары ауданда көп жұмыс істелді. Таяуда елімізде орын алып жатқан қақтығыстар бұл салада қордаланған мәселелердің бар екенін көрсетті. Сондықтан мұндай жағдай ауданда болдырмас үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, алдын алу мәселелері қарастырылды.
Алдағы уақытта осы жоспар аясында аудандағы этнос өкілдерінің қатысуымен орын алатын түрлі жағдайлар сарапталып, оларды болдырмауға бағытталған іс-шаралар қолға алынатын болады. Бұл туралы бірлескен жоспарда нақтыланып, құзырлы мекемелер тарапынан қолдау тапты.