Сарыағаш: Халықты табиғи газбен қамту жүргізілуде
Сарыағашта биыл халықты табиғи газбен қамту алғы мақсаттардың қатарына қойылды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістан қаласын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Табиғи газбен қамту бойынша ауданның 71 елді мекендері ішінде табиғи газбен 37 елді мекені қамтылған немесе 52,1%. Қамтылмай тұрғаны 30 елді мекендердің ішінде шалғайда орналасқан экономикалық жағынан 4 елді мекен бар. Сараптама қорытындысы алынған 7 жобаның құрылысына бюджеттен қаржы бөлуге салалық басқармаға ұсынылды.
Сарыағаш ауданынан Тегісшіл, Құркелес, Жылға, Дарбаза ауылдық округтерінің 22 елді мекенін (32143 тұрғын, 5019 тұрғын үй) Таскескен елді мекенінде орналасқан АГРС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) қосылу жоспарланған.
Қазіргі таңда жалпы 11 елді мекенге 2017-2018 жылдары ішкі жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, қосылуға дайын. АГРС іске қосылған жағдайда дайын тұрған 12 елді мекен табиғи газға қосылып, 48 елді мекен, яғни 67,6 пайызды құрайды.
Жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып 18 елді мекен қосылған жағдайда 67 елді мекен, яғни 94,3 пайызды құрайды.
2019-2020 жылдары 3 нысаның мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіліп, мердігіер анықталып құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы бес жылда газды пайдалану мүмкіндігін үш миллионнан астам қазақстандық иеленді, ал халықты газдандыру деңгейі 30-дан 50 пайызға дейін өсті.