Сарыағаш: Электр қуатымен қамту жөнінен біраз шара қарастырылған
Экономиканың жаңғыруы мен дамуына жоғары технологиялық инфрақұрылымның әсері мол екені белгілі. Әлбетте, электр энергиясымен қамту сапасы бүгінгі күні аса маңызды. Қазіргі таңда электр энергиясының сапасын бақылау жүйесін құрудың маңызы күннен күнге артып келеді.
Сапалы электр қуатымен қамту бойынша Сарыағаш ауданында 14 ауылдық округ, 71 елді мекеннің 70 елді мекені электр қуатымен қамтылған 99,1 пайыз, (оның ішінде 1 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз шалғайда орналасқан Жібек жолы ауылдық округіСөк-Сөк елді мекен (5 тұрғын үй, 16 халық саны)
Ауданда электр қуатымен қамтамасыз етуге 8 нысанның жобасы дайындалған, оның 2 нысанына қаржы қаралған. Республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге 1 нысанның жобасы облыстық салалық басқармаға тапсырылған. Қалған 5 нысанның жобасы облыстық салалық басқармаға қаржы бөлдіруге тапсырылған. Ауыл округтер бойынша 4 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.