Сарыағаш 17 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілді
Сарыағашта биыл оқу жылына дайындық ертерек басталды. Бірқатар мектептерге жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мәселен аудандағы 5 мектептің жылу жүйесі табиғи газға ауыстырылды.
Сонымен қатар, 4 мектепке (№29 «Ұлықбек», №60 жом, №66 «Толыбай батыр» жом, №21 «Яссауи» жом,) табиғи газ кіргізу үшін ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттары) дайындалып, Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Осы жұмыстарды атқару үшін жергілікті бюджеттен 55 млн, 848 мың теңге қаржы сұралды.
2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 17 мектептің ЖСҚ-ы (жобалық сметалық құжаттары) дайындалып, Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Аталған мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 4 млд, 944 млн, 47 мың теңге қаржыға сұраныс берілді.
2019-2020 оқу жылында 3 жаңа және қосымша мектеп (№55 «О.Жәутіков» жом 240 орындық қосымша ғимараты, №70 «С.Байғозиев» жом 150 орындық қосымша ғимараты, №69 жом) құрылысы және мектебі жоқ 1 елді мекенге (Құркелес а/о, Жаңаталап ауылы №77 жом) жаңа үлгідегі 600 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
2020 жылы ауданда апатты жағдайда 3 мектептің (№23 «Ғ.Мұратбаев» жом) ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттары) дайындалып, 2 мектептің (№46 «Т.Тоқтаров» ном, №59 жом) құрылысы жүріп жатыр.
Үш ауысымда оқитын «Самал» мөлтекауданында (№60 жом) 900 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Ал, 1 мектептің (№58 «Ә.Марғұлан» жом) құрылысы 2020 жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі.