Шардара: Өнім екі есеге артты
Шардарада биылғы өнім көрсеткіші екі еселенді. Диқандар мен шаруалардың еңбегі өз жемісін беріп, биылғы түсім жақсы болды.
Күн жылынғаннан егісін бастап күткен шаруалар 600 тоннадан астам қауын 400 тонна қарбыз өнімдерін шет мемлекеттерге жөнелткен. Басым көпшілігі Рессейдің көк базарларында сатылуда. Сондай-ақ, мал шаруашылық азығыда аудандық жер игерушілерге тиімді әрі пайдасы мол табыс көзіне айналып отыр.
Шардара ауданының диқандарының асығы алшысынан түсіп отыр. Көктемгі еккен егістері пісіп жетіліп шетелдерге экспортталуда. Алды күн шығыс елдеріне жөнелтілсе соңы көршілес Ресей мемлекетіне жіберілуде. Аудан бойынша биылғы жылы 59300 гектар жерге дән себілген. Оның 10338 гектарына бақша дақылдары егілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Дидар шаруа қожалығының басшысы Ералы Қуатов бұл жолы 3 гектар жерге «жұлдыз» атты сортты қауын еккен. Диқанның өніміне қызығушылық артқан адамдардың саны жетерлік. Тіпті бағасын екі еселеп төлеугеде ұсыныс тастаған. Себебі бұл сорттағы қауындар алыс жолға шыдамдылық танытады.
Сондай-ақ биыл мал шаруашылық азықтары да ағымдағы жылмен салыстыруға келмейді. Ауданда мал өсірушілердің көбейуіне байланысты шаруалар мал азық өнімдерін көлемін ұлғайтқан. 13953 гектар жерге ескі жоңышқа егіліп тұрса, бұл қатарға 4572 гектар жер жаңа жоңышқамен толығып отыр.