Шардара: Ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Елімізде ғана емес, бүкіл жер шарында белең алған коронавирус инфекциясынан қорғану мақсатында еліміздің барлық аймақтары мен дәрі-дәрмек пен, қорғаныс қажеттіліктері жеткілікті болуы қадағаналануда. Шардара ауданында бүгінгі күні дәрі қоры жеткілікті. Аудандық аурухана қорында короновирустық инфекция мен пневмония ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың 1 айлық қоры бар. Сонымен қатар қорғаныс заттары мен дезинфекциялық заттар қоры жеткілікті мөлшерде.
Өзбекстан Республикасының ресми өкілі болып саналатын «Беласар Интернейшнл» ЖШС мен аудандағы бірқатар дәріханалар келісім-шарттар түзіп тиісті дәрі-дәрмектерді тұрақты сатып алуда. Атап айтқанда:
-«Жансая» дәріханасы («Нурислам» ЖШС) 805,0 мың теңгеге;
-«Айым» дәріханасы (ЖК «Уалиханова») 452,0 мың теңгеге;
-жеке кәсіпкер Каратаева 180,0 мың теңгеге;
-жеке кәсіпкер Койбагаров 1 320,0 мың теңгеге, жалпы 2 757,0 мың теңгеге дәрі-дәрмектер сатып алынды.
Сонымен қатар, еліміздегі өзге де ірі көлемдегі көтерме сатушылар «Атамирас» ЖШС, «Медин» ЖШС, «Аманат» ЖШС т.б. көтерме қоймалары бар кәсіпкерлерден дәрі-дәрмектерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық дәріханаларда халыққа көрінетін жерге дәріхана тарапынан қандай да бір құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда хабарласу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің watsapp (тел: 87020002494) желісі туралы ақпараттар орналастырылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 маусымындағы № ҚР ДСМ-68/2020 бұйрығына сәйкес, негізгі дәрі-дәрмектер бағаларының шектік мәнінен асырмай сатылуын бақылау бойынша еріктілер тобы құрылып, күнделікті бақылау жүргізілуде.