Сайрам әкімі аудандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады

image.png

Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібеков Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшасынан тікелей эфирге шығып, Сайрам ауданындағы эпидемиологиялық ахуал мен әлеуметтік мәселелер жайын баяндады.

Бүгінде аудандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деуге келеді. Бұған дейін әкім тікелей эфирге 29 шілде күні шыққан. Осы аралықта 36 адам коронавирусқа шалдыққан екен. Жалпы ауданда індетке 396 адам шалдыққан. Ал қазіргі таңда 335-і емделіп шыққан. Бүгінгі күн бьойынша аудандағы инфекциялық ауруханада жалпы 30 азамат ем қабылдауда, оның 11-і көршілес Түлкібас ауданының азаматтары екенін мәлімдеді.

Ал өкпенің қабынуымен ауырған азаматтардың жалпы саны 32 азамат, оның ішінде аудандық орталық ауруханасында 9 азамат, Қарабұлақ орталық ауруханасындағы провизорлық бөлімде 23 азамат ем қабылдауда.

Ұласбек Сәдібековтың айтуынша, карантиндік талаптардың сақталуын жіті қадағалайтын бірнеше жедел топтар жұмыс жасайды. Қазірде науқастар саны әлдеқайде азайған. Ал, індетке тойтарыс беретін қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек жеткілікті. Азық - түлік бағасы да үнемі бақылауда. Егер кеселдің беті қайтса, карантин режимі жеңілдетіледі.

Әкім сондай-ақ аудан тұрғындары кез келген уақытта өз шағымдарын әледеді.уметтік желі арқылы оңай жеткізе алатынын. Осының арқасында халық пен билік арасында байланыс орнайтынын айта кетті.