Созақ: Үй іргелік кәсіп бастады

ҚИЯР КӨПТЕГЕН АУРУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСЕДІ » «Өскен өңір» - Шиелі ...

Әлемді шарпыған дерт елімізді айналып өткен жоқ. Бірақ инфрақұрылымдарды оңтайландыру, халықтың өмір сапасын жақсартуға қатысты шаралар мемлекеттік переспективада маңызды. 

Аймақта жол, жарық, ауыз су мәселелері оң шешім тауып келеді.  Созақ ауданында    мемлекеттен беріліп жатқан қайтарымсыз гранттар арқылы 555 мың теңге алып, үйіргелік жерлеріне тамшылатып суару технологиясын  орнатқан жандар аз емес. «Бастау» бизнес жобасы бойынша арнайы курста оқыған бұл азаматтар  осы тәсіл бойынша қазір жұмыстарын бастап, көпке үлгі болуда. Аталған жоба жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамытуда тиімді құрал болып табылады. 

Жартытөбе ауылының тұрғыны Бағила Бердиева  мемлекет берген осы жәрдемнің арқасында үй іргесіндегі он соттық жерге қияр еккен.

Үй іргелік жерін пайдаланып, нанын тауып отырған кәсіпкердің жұмысы көпке үлгі.

Бағила Бердиеваның айтуынша, суы тапшы аймақ тұрғындары үшін өте тиімді тәсілге күн өткен сайын ниет білдірушілер қатары артып келеді. 

Естеріңізге сала кетейік, «Бастау» жобасына қатысу үшін қалаңызда немесе ауданыңыздағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегіне жүгіну қажет, сондай-ақ онлайн өтінімді Atameken Academy платформасында беруге болады.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Созақ: Үй іргелік кәсіп бастады