Ордабасыда кәсіпкерлер қатары артып келеді
Ордабасыда кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары көбейіп келеді. Ауданда тұрғындар арасында кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіргендер көп. Оларды мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие беру жөнінде ақпараттандыру мерзімді жүргізіліп отыруға тиіс.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлер мен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд. 314,9 млн. теңге несие үлестірілді. Нәтижесінде ауданда мал, егін шаруашылығы, сауда, қызмет тауар айналымын ұлғайту, жылыжаймен айналысатын азаматтардың қатары артты.
Жеңілдетілген несие арқылы бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына қолдау білдіріп отырған несие ұйымдарының қатарында «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «КазМикроФинанс», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС, «Төрткүл несие» ШНҰ, «АгроНесиеОрдабасы» ЖШС және «Арнур кередит» несие ұйымы бар.
Айта кетейік, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау үшін несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда