Ордабасы: «Doing Business» рейтингідегі Қазақстан­дық позициясының жақсаруы — басты мақсатымыз

Позиция Казахстана на мировой арене

Қазақстан Республикасы тәуел­­­сіз­дік алғаннан бері алға қойылған мақ­саттарды стра­тегиялық жос­пар­­лы құжаттармен бекітіп, кезең-ке­­зең­мен алға жыл­жып келеді.

Қа­зақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжы­рым­дамасында алдағы жұ­мыс­тың ұзақ мерзімді басымдықтары белгілен­ген. Елбасы Жолдауында аталған Дүниежүзілік банктің «Doing Busi­ness» рейтингідегі Қазақстан­дық пози­циясының жақсаруы — әлем алдындағы абыройын жоға­рылату жөніндегі саяси ұстаны­мының дұрыстығының дәлелі. Әлемнің 180-нен астам еліндегі бизнес ахуал­дарын жақсартуын­дағы әрекет­­терін объективті сыртқы бағалау болып табылатын «Doing Business» рей­тингін Дүниежүзілік банкі жыл сайын 11 индикатор бойынша есеп жасап, жүргізуде. Жалпы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтин­гіндегі «Кәсіп­орындарды ашу» және «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша көрсеткішті жақсарту — әділет органдары міндеттерінің басым бағыттарының бірі.

Осы тұста шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілері өз қызметтерін заң шеңберінде тиімді жүзеге асыруда әділет органдарын айналып өтпейді. Өйткені, қол­даныс­тағы заңнамаларға сәйкес, кез келген заңды тұлғалар қызметін жүргізу үшін әділет органында мемлекеттік тіркеуден өтуі міндет­телген. Әділет органдары жылжы­майтын мүлікті мемлекеттік тіркеу қызметін жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Әділет орган­дарының бірінші кезектегі міндет­терінің бірі –«Электронды үкіметті» дамыту. Яғни, әділет органдарының кейбір қызметтерін «Электронды үкімет» порталы арқылы ақпа­раттық жүйе­ден кедергісіз алуының қол­жетім­ділігін қамтамасыз ету.

Осыған орай, әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі бизнес жасауды жеңілдету болып белгіленді. Бұрын-соңды тір­кеу кезінде тапсырылатын құжаттар тізбесінен жарғы, заңды тұлға­лардың орналасқан жері туралы құ­жаттар, құрылтайшы-заңды тұлға­ның салық борышының жоқтығы туралы анықтама сияқты бірнеше құ­жаттар ұсыну талап етілетін. Қа­зіргі таңда қағазбас­тылық азайған.

Сонымен қатар, бұрын беріліп келген заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті мүдделі субъектілер үшін «Электронды үкіметтің» веб-пор­та­лында қолжетімді электрон­дық анықтама алмастырады.
Осындай заңнамалық жаңалық­тар кәсіпкердің құжаттары заң тала­бына сай болған жағдайда бизнесін же­делдетіп ашуына толықтай мүм­кін­дік береді.
Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингідегі Қазақстан­дық позициясының жақсаруы — басты мақсатымыз.

Жігер ТОҚСАБАЕВ,
Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы.