Ордабасы: Білім көрсеткішін жоғарылату қажет
Тəуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі — білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз əсерін тигізуде.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жаңа оқу жылына дайындық бойынша аудандық білім бөлімінің есебін тыңдады.
Өткен оқу жылының көрсеткіштерін саралай келе, аудан басшысы:
- Оқушыларының жетістігі бар мектептердің материалдық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралады. Сөзі мен ісі үйлесетін білімді мамандарға барынша қолдау көрсетіледі. Өйткені, бәсекелестік бар жерде нәтижелі жұмыс болады. Біз өзімізге тиесілі міндеттерді атқарамыз. Білім беру мекемелері өзіне жүктелген жауапкершілік үдесінен шығуға жұмыс жасауы тиіс, - деді.
Тиісті салаға жауапты орынбасары мен бөлім басшысына білім көрсеткішін көтеру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселесі де қозғалып, алдын алу шаралары талқыланды. Аудандық Ішкі істер бөліміне жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.