Бәйдібек: Әкім жазушы-болашақгер Жүніс Сахиевті қабылдады

image.png

Әдебиеттің жастар болашағында ойнайтын рөлі ерек. Олай болса, бұл салаға баса назар салу да аса орынды. Осы орайда Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жазушы-болашақгер (фантаст), Қазақстан Жазушылар одағы әдеби сыйлығының және Халықаралық Байқоңыр сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Жүніс Сақұрпағын қабылдады.

Қабылдауда жазушы-болашақгер (фантаст) Жүніс Сахиев өзінің жазған ғылыми-фантастикалық романдары мен аудармаларымен бөлісіп, туылған жері Бәйдібек ауданынның тарихы мен табиғаты туралы материалдар жинақтағанын, алдағы уақытта кітабы жарыққа шығатынын айтты. Сонымен қатар жазушы өзінің зерттеулері жинақталып жарыққа шыққан кітабына қолтаңбасын қойып әкімдікке естелік ретінде сыйға тарту етті.
Сыртта жүрсе де туған жері Бәйдібек ауданының дамуына тілеулес екендігін білдірген жазушы-болашақгер Ж.Сахиев, аудан басшысына ақ батасын берді.
Жүніс Сахиев 1950 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылында туған. Еңбек жолын қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін 1966—1972 жылдары аудан орталығында телеграфшы болып бастаған. ҚазМУдың филология факультетін бітіргеннен кейін "Мектеп" баспасының редакторы, ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі комитетте аға редакторы, «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия бас редакциясында ғылыми редакция меңгерушісі сияқты түрлі салалаларда қызметтерін атқарған.
Сахиев Жүніс қазақ және әлем ғылыми-фантастикасы жөніндегі ондаған танымдық мақалалардың авторы. 9–11 сыныптарға арналған "Астрофизика", "Астрономия" оқулықтарын қазақ тіліне аударған. Астрономия ғылымын насихаттаушы. Ол шығармашылық өмірбаянымен "Элита Казахстана", "Қазақ әдебиеті" энциклопедиясына, "Белоруссия энциклопедиясына", "Ұлы дала" тарихи-ғибраттық шежіре кітабына, "Жазушылар әлемі" фотоальбомына, "Қазақстан жазушылары. XX ғасыр" энциклопедиялық анықтамаға енген.
Айта кетерлік жайт Жүніс Сахиевтің шығармашылығы жай фантастика, ойдан шығарылған қиял-ғажайып оқиға емес, қай еңбегі де ғылыммен тығыз байланысты.