Бәйдібек: Праймериз - жауапкершілікті талап етеді

image.png

Ержігіт ШӘРІПБЕКҰЛЫ,
«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиал төрағасы.

Күні кеше елімізде (17 тамыз бен 3 қазан айы аралығында) партиялық ішкі праймериз өткізу кезеңі басталды.
Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халқымызға арналған үндеуін жариялады. Тұңғыш рет «Nur Otan» партиясы ішкі демократияны дамыту мақсатында өз қатарымыздан нағыз мықтыларды анықтау үшін осындай қадамға барып отыр.
Ауданда 3353 партия мүшесі бар. Ол 14 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Бүгінгі таңда тіркеу жұмыстары басталды. Аудандық «Alǵabas», «Шаян» газеттерінде және әлеуметтік желіде праймеризге қатысудың ережесі жарық көрді. Филиал жанында осы науқанды өткізуге арналған жұмыс тобы құрылған. Ауданымыздағы партияластар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды деп білемін. Праймериздің қорытындысы бойынша 11 жерде онлайн жүйесінде дауыс беріледі. 3 жерде дәстүрлі бюллетенмен дауыс беру болады. Біздің алдымызда үлкен жауапкершілік тұр. Біз өз таңдауымызды жасау арқылы партияға шын берілген жаңашыл азаматтарды таңдауымыз қажет. Ереже бойынша 30 пайызға дейін жастар мен әйелдер қауымына орын беріліп отыр. Баршаңызды өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып, праймеризге қатысуға шақырамын.