Сарыағашта нәтижелі жұмыспен қамту қарыштап дамуда
Сарыағашта ауданы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күні қарыштап дамуда. Соның ішінде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету жақсы жанданып келеді.
Халықты жұмыспен қамту мәселесі қашан да актуалды тақырыптардың бірі. Мемлекеттік саясат – халықты лайықты жұмыспен қамтуға бағытталады. Бүгінде еңбек нарығында халықты жұмыспен қамту мақсатында бірқатар бағдарламалар жүргізіліп, олардың біршамасы жемісін беруде.
2020 жылы 6642 азамат Сарыағаш ауданы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қатыстыру жоспарланған. Осы жылдың 3 айында ауданда 1357 азамат жұмыспен қамту шарасына қатысып 20,4 пайызға орындалды.
Жалпы жұмыссыздықпен күрес кедейліктің алдын алудың ең басты критерийі болса, демек бұл мәселеге діттеп көңіл бһлу өзекті саналады.
Жалпы Еңбек бағдарламасының санаттары бойынша аудан бойынша нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар 84-ке, жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту бойынша 878-ге, жұмыс іздеп келушілер саны 395-ке жеткен.
Нәтижелі жұмыспен қамту жалпы үш бағытта дамып отырады. Оның бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту болатын. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту- 2020 жылы Сарыағаш ауданы бойынша 475 азаматты оқыту жоспарланып отыр. Оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 95 азамат, оқу ваучері арқылы 380 азамат қамтылады. Қазіргі таңда Өңірлік комиссияда ауданға қажетті мамандықтар тізбесі және қаржысын бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағашта жұмыспен қамту бағытында негізінен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау басты назарда.
Ал оның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріледі. Мәселен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға биылғы жылы 250 азаматты «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерінде оқыту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ ауданда кәсіпкерліктің көзін тауып, табысқа кенелемін деушілерге мемлекет тарапынан гранттар қарастырылған. Мәселен осы жылдың ішінде 150 азаматқа жаңа бизнес идеяларға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 60, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 30, көп балалы аналар 60 болмақ. Онымен қоса тағы қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 98 азаматқа, "Бастау бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқу курсын аяқтаған 52 азаматтарға мемлекеттік грант беру жоспарлануда.
Келесі бағыт жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтиды. Бұл бағытта халықты тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту қарастырылған. Мәселен биыл 3762 аудан тұрғынын бос және жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту қарастырылатын болады. Оның ішінде 288 азамат жаңа жұмыс орындарына, 3474 азамат бос жұмыс орындарына жіберіледі.
Биылғы жылдың бастапқы 3 айының өзінде жалпы азаматтарды жаңа жұмыс орындарымен қамтудың 13,6 пайызы орындалып үлгерді. Жыл басталғалы бос жұмыс орындары туралы 161 жұмыс берушіге сұраныс хат жіберіліп, 512 азамат жұмысқа жолданған. Жыл аяқталғанға дейін мәреге қойылған жоспар толықтай орындалатыны анық.
Биыл қаңтар, ақпан, наурыз, айының өзінде электронды үкімет бойынша 512 жұмыспен қамтылды, оның ішінде «egov» арқылы 1 азамат, еңбек порталы арқылы 511 азамат жаңа жұмыс орындарына орналасты.
Осы жылы аудан көлемінде 3 мыңға жуық жастарды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазірге дейін 600-ден аса жастар бағдарламаға қатыстып, жылдық жоспар 21,7 пайызға орындалған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа 212 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 102 азамат, жастар практикасына 275 азамат, қоғамдық жұмысқа азамат 75 азамат жіберілген. Сарыағаш халқы 200 мыңды жуықтаған аудандар қатарынан болғандықтан, мұндағы жұмыссыздықпен күрес – бүгінде өзекті, шешімін табуға міндеттелген мәселердің бірі саналады. Халық экономиканың тіреуіші екенін ескерер болсақ, саналы халықты жұмыспен қамту ел әлеуметінің өрлеуіне өз септігін тигізері сөзсіз.