Бәйдібек: Жол құрылысы сапалы атқарылуда
Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында сапал жол жөндеу жұмыстары аясында қыруар істер атқарылып жүр. Ауданның 25,2 шақырым болатын елді мекендердегі 19 көшенің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ірі мердігерлік компаниялары сапалы жүргізуде.
Аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елді мекендердің ішкі көше автомобиль жолдарының ұзындығы 886,9 шақырымды құрайды.
Оның ішінде:
- Республикалық маңызы бар 25 шақырым автомобиль жолының 100 пайызы асфальттанған.
- Облыстық маңызы бар 445,3 автомобиль жолының 419 шақырым асфальт (94,2%), 26,2 шақырым шағал тас (5,8%).
- Аудандық маңызы бар 97,6 шақырымжолдардың 100 пайызы асфальттанған.
- Елді мекендер ішіндегі көшелердің ұзындығы 319 шақырымды құрайды, оның 205 шақырымы асфальт (64,3%), 80 шақырымы шағал тас (25%), 34 шақырымы топырақ жол (10,7%).
Жолдарды жөндеу бойынша:
- 2020 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 97 777,0 мың теңге қаржыға Қошқарата елді мекеніндегі 2,2 шақырым болатын Есіркепұлы (49167,0 мың теңге) «А.А-Проект» ЖШС-нің және Ақтас елді мекеніндегі 2,2 шақырым болатын Атабекұлы (48610,0 мың теңге) көшелерінің жолдарына «Асгард-2012» ЖШС-нің тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілуде.
- «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 33 756,5 мың теңге және аудандық бюджеттен бөлінетін 12 376,0 мың теңге қаржыға Ақтас елді мекеніндегі 0,9 шақырым болатын Оңдасынов көшесінің жолына (РБ-7840,0 мың теңге, АБ-12376,0 мың теңге) «Асгард-2012» ЖШС-нің және Тайманов елді мекеніндегі 1,5 шақырым болатын Жасқанат көшесінің жолына (25916,5 мың теңге) «MMG-GLOBAL» ЖШС-нің тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- 2020 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен І-транш бойынша бөлінген 149 714,0 мың теңге қаржыға 7 көшенің бойындағы автомобиль жолдарына (Боралдай елді мекеніндегі Балтай ата, Жамбыл, Мамеков, Ақсақал Би-Аралбеков, Бердиев, Жұмаділла, Мыңбұлақ елді мекеніндегі Абай көшелері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ІІ-транш бойынша республикалық және облыстық бюджеттен бөлінуі жоспарланып отырған 499 729,0 мың теңге қаржыға 8 көшенің бойындағы автомобиль жолдарына (Боралдай елді мекеніндегі Батыршаев, Мыңбұлақ елді мекеніндегі Диірмен, Алдабергенов, Уәлиханов, Ералиев, 1-Мамыр, Байниязов, Абдрамаұлы көшелері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.