Сайрам: Әкім Қарамұрт тұрғындарымен кездесті
Қарамұрт елді мекені аудан орталығы Ақсукенттен 20 шақырымда орналасқан және 15404 халқы бар Қарамұрт ауыл округінің орталығы болып табылады.
Аудан әкімі Ұласбек Садыбеков елді мекендегі өзекті мәселелермен таныс болып, жөндеу жұмыстарын барлау мақсатында Қарамұртқа іс-сапармен барды. Қарамұрт елді мекеніндегі А.Моминжанов, М.Мухитдинов көшелері мен Низамабад елді мекеніндегі Низамабад көшелерінің өзекті мәселелерімен танысты.
Тұрғындарымен кездесіп жергілікті жағдайын көрді. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдаған аудан басшысы
Қарамұрт ауылдық округі мен аудандық Сайрам Жкх бөліміне нақты жұмыстарды қолға алуды жүктеді.
Қарамұрт елді мекенінің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, кәсіпкерлік және қызмет көрсету саласы болып табылады.
Қарамұрттың төңірегінде 10 шақырым радиусында көршілес Сайрам ауданының Ақбұлақ, Төлеби ауданының Сарқырама және Мәдени ауылдары және Шымкент қаласының Қаратау ауданы Шапырашты елді мекені орналасқан. Түркістаноблысының 1 көршілес – Төлеби ауданы орналасқан. Аталған елді мекендер Қарамұрт ауылымен экономикалық жағынан тығыз байланысқан, себебі мұнда облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» көлік жолы өтеді, инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, сауда дамыған.