Сайрам: «Ауыл - ел бесігі» жобасы ауылдардың ажарын ашуда
Сайрамда ауданға қарасты ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл - ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Ауданда аталған жоба аясында бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтті.
Аудан орталығында орналасқан Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі де «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек.
Нысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Сайрам ауданында аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті.
Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Бұл - Мемлекет Басшысының Жолдауына орай, аудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау.
Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралап, бақылау жүргізді.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.