Сайрам: Жаңа спорттық нысан пайдалануға берілді
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Сайрам ауданында жаңа спорт кешені бой көтерді. Кешен ауданға қарасты Ақсукент ауыл округінде салынып бітті.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысын тәмамдаған жаңа спорт алаңы ауыл акругіндегі Т.Рысқұлов көшесінен орын тепті.
Құрылысын «А-СТМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген спорттық нысанда бір мезетте 40 адам спортпен шұғылдана алады.
Келісімшарт негізінде пайдалануға беру уақыты желтоқсан айына бекітілгенімен, мердігер спорт алаңын қыркүйек айының соңына дейін ел игілігіне тапсыруды жоспарлап отыр.
Алдағы уақытта жаңадан бой көтерген спорттық нысан аудан халқы үшін тек игі істерге жарап, мұндағы жастар сапалы спорттық білім алып, тек елдегі ғана емес, халықаралық жарыстардан да жүлделі орындардан көрінеді деген сенім бар.