Сайрам: Праймериз арқылы бәсекелі партиялық тізімдер қалыптасады
Праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізімдер қалыптастырылатын болады. Барлық қалалар мен аудандардың партия мүшелері қоғамдық сенім мен қолдаудың жоғары деңгейіне ие ең беделді партия көшбасшыларын дербес анықтайды. "Nur Otan" - бұл өзгерістердің негізі бола алатын жалғыз саяси партия. Партия - жаңа кезеңге орай үнемі жаңарып отыратын кәсіби басқарушылар тобы.
Басты мақсат - бәсекелестік күрес негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттарда және ҚР Парламенті Мәжілісінде тиімді депутаттық корпус қалыптастыру үшін мықты көшбасшыларды анықтау.
Сайрам ауданында алғаш рет биыл праймериз өткізілуде. Бесінші топтағы праймериз үміткерлері Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылдық округінде дебатқа шықты. Үміткерлер аудан аумағындағы өзекті мәселер мен шешімін қажет ететін мәселелерді көтеріп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Партия мүшелерінің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, ойларын ортаға салды.
Алдын хабарлағанымыздай праймеризге үміткерлер дебатқа шығу үшін 13 топқа бөлініп, өтетін орындар мен мерзімі бекітілген болатын. Аталған кесте бойынша тиісті шаралар жалғасын табуда.