Ордабасы: Барлық су көздері барынша тиімді пайдаланылуы тиіс

image.png

Ордабасы ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы іс-сапармен Боралдай өзенінде болып қайтты.

"Аудан аумағындағы барлық су көздері барынша тиімді пайдаланылуы тиіс": Боралдай өзенінің арнасын аралап көрген Ордабасы ауданының әкімі осылай деді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының аумағы 1760 км2 құрайтын өзеннің маңыздылығын нұсқап, әкім бірқатар тапсырмалар берді. Өзен негізінен Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылының маңында Арыс өзеніне құяды. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей 10-нан астам ирригациялық каналдар тартылған.

Ордабасыда аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы дамыған. Ордабасы ауыл шаруашылығы бағытында дамушы өңір болғандықтан бүгінде аудан басшысы ең алдымен шаруалардың жайына басымдық беруде.