Ордабасы шаруалары жылына екі-үш рет өнім алады

Сарыағаш ауданында жылына үш рет өнім алу жобасы қарқынды жүріп жатыр

Ордабасы ауданында бүгінгі күні өнімді еселеу бағытында жылына 2-3 рет өнім алу жобасы жүйеге асырылуда.

Бұл бағытта, биылғы жылы әр ауыл округінде 10 шаруашылықтан жобалар таңдалып, іске асыру бойынша  жұмыстар жүргізілетін болады.

Негізінен бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл округтерінен – 90 шаруашылық – 171,9 гектар жерге маусымында 2 рет өнім алу бойынша қияр, картоп, қарбыз,қызанақ, асқабақ, қырыққабат егу жоспарлануда.

Өткен жылы Ордабасы ауданына жалпы 47 бірлік техника алынды: 38 доңғалақты трактор, 3 пресстейтін техника, 6 жүк тиегіш. Әкелінген технологиялырадың инвестициялық құны 959 млн. теңгені құрап, оған мемлекеттен 208 млн. теңге субсидия төленді.

Ордабасыда аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту үшін өткен жылы 117 гектарға  қарқынды бау шаруашылығы іске қосылып, ауданда жалпы  468 гектарға жетті. 

Өнім беретін 351 га баудан жалпы – 5250 тонна өнім алынды. Осы баулардан 3-ші жылы 15-20 тонна өнім алынса, 6-7 жылдары 60 тоннаға дейін өнім береді.