Ордабасы: Мемлекеттік бағдарлама - мал шаруашылығын дамытудың тиімді тетігі
Ордабасы бұрыннан агроөнеркәсіпке арқа сүйеген аймақтардың қатарында саналады. Өздеріңізге белгілі, мал шаруашылығын асылдандыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталмыш бағдарлама аясында талай жұмыс жүргізілуде. Бағдарламалардың басты мақсаты - мал бастарын асылдандыру.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл осы уақытқа дейін 588 ірі қара мал алынып, жоспар (360 бас)163 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасымен жоспарланған алынатын мал саны 1950 бас болса, нақты алынғаны 2 446 бас немесе 125 пайызға орындалған. Қаржы ұйымдарынан ұсақ мал басын көбейтуге 12 шаруашылыққа 217 млн. теңге несие берілді.
Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген тапсырма толығымен орындалғанымен, Бөген ауыл округі (тапсырма 25 бас орындалуы 11 бас) немесе 44 пайызға орындаған.
Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сатып алынған: отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген малдың 1 басына 150 мың теңге, Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген импортты асыл тұқымды малға 225 мың теңге субсидия, тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша ІҚМ тауарлық аналықтың әр 1 бас аналығына 10 мың теңге, ІҚМ асыл тұқымды аналық басына – 20 мың теңге субсидия беріледі.
2018 жылдың 2 жарты жылдығынан бастап, сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандатуға берілуде. Бұл ретте, бұқашықтың қосқан салмағының 1 килограммына 200 теңге субсидия төленеді.
Өткен жылы, шет елдерден етті бағытта – 315 бас және сүтті бағытта – 34 бас импорттық аналық ірі қара мал сатып алынып, әкелінді.
Бөлісу тақырыбы: Ордабасы: Мемлекеттік бағдарлама - мал шаруашылығын дамытудың тиімді тетігі