Ордабасы: 100 пайыз халыққа қызмет көрсетіледі
Ордабасы ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсететін 9 бөлім бар (құрылыс, ішкі саясат, мәдениет, кәсіпкерлік бөлімдерінен басқа). Бүгінгі таңда, аудандық жер қатынастары, аудандық сәулет және қала құрылысы, аудандық дене шынықтыру және спорт, аудандық ТҮКШЖКжАЖ бөлімдері тарапынан көрсетілетін қызметтері 100 пайыз ХҚКО арқылы көрсетілуде.
Электронды қызметтің үлесін арттырудың негізгі шарасы – электронды үкімет порталымен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау.
Бақылау іс-шараларының қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша мекемелерге жалпы 78 ұсыным әзірленді. Бүгінгі таңда барлығы орындалды.
Аудандық ХҚКО және дербес бөлімдер тарапынан баламалы түрде көрсетілетін қызметтерді корпорация арқылы көрсету бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы өткен жылы барлығы 49162 қызмет көрсетілген. Оның 81,6 пайызы (40115) электронды қызметтердің үлесі.