Ордабасы: 11 365 тонна ет өндірілді
Ордабасы ауданы бойынша ағымдағы жылдың 7 айында статистикалық есептілік ірі қараның 74,0 мыңға, қой мен ешкі 432,1 мыңға, жылқы 25,6 мыңға, түйе 740-қа құс 432,1 мыңға жеткенін көрсетті.
Ауданда жалпы 355 мал бордақылау алаңдары бар. Оның ішінде 76 мал бордақылау алаңы ағымдағы жылы ашылды.
Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру бағытында 7 айда өндірілген ет көлемі 11 365,2 тоннаны құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда 5944,7 тн, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарында 339,3 тн, жұртшылық шаруашылықтарда 5 211,1 тн.