Ордабасы: Инвестиция тарту -өзекті іс

Қазақстан инвестиция тарту үшін басымдық беретін 40 мемлекет анықталды

Инвестиция тарту – экономика өсімін қалпына келтіретін негізгі драйвер. Ордабасы ауданының экономикасын өрлетуші негізгі сала ауыл шаруашылығы болғандықтан, осы салаға инвестиция тарту өте өзекті саналады. Бүгінде ауданға қарасты ауылдық округтер де шаруашылық, егіншілікке инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жүр. Мәселен ауданға қарасты Бөржар ауылдық округі осы бағытта қойған жоспарды толықтай жүзеге асырып отыр.

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 1 млрд. теңге инвестиция тарту бойынша жоспар қойылып, тартылған инвестиция көлемі 2019 жылдың 12 айында 1 млрд. 3 млн. 726 мың теңгені құрап, – 103 пайыз орындалып отыр.

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 46 жұмыспен қамтылғаны – 92 адам.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартсыз 29 отбасының, 124 адамына 13 млн. 856 мың 800 теңге, шартты 241 отбасының, 1408 адамына 124 млн. 274 мың 600 теңге төленіп, ауыл азаматтары кәсібін дамытуда.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ордабасы: Инвестиция тарту -өзекті іс