Ордабасы: Суармалы жерлер пайдасын береді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені суармалы жер кепілді түрде мол өнім береді. Бүгінде сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі, атап айтқанда, қант, өсімдік майы, көкөніс, жемістер, мал мен құс шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті құнары жоғары жемшөп дақылдары суармалы жерлерде өндіріледі.
Соңғы жылдары суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында Ордабасы ауданына қарасты Жеңіс ауылдық округінде біраз тындырымды тірліктерді көроіп жүрміз. Мәселен суармалы жердің көлемін ұлғайту тапсырмасы 157 га болса, нақты 126,7 га суармалы жер ұлғайтылып, тапсырма 80,7 пайызға орындалды.
Суармалы жер шаруашылығында ағын суды үнемдеп пайдалану мен гектар өнімділігін көтеру басты міндеттердің бірі болғандықтан, мұндай жерлердің көлемін арттыру да актуалды болып табылады.
Сондай-ақ ауыл округінде тамшылатып суару әдісін енгізу тапсырмасы 40 га, нақты орындалғаны 40 га, яғни 100 пайызға орындалды. Ал техниканы жаңарту бойынша 3 жаңа техника алу жоспарланған, нақты 5 жаңа техника алынып, жоспар 120 пайыз болды.