Ордабасы: Шағын несие алып, кәсібін дамытушылар қатары көбейді
Ордабасы ауданында шағын несие алып, кәсібін дамытушылар қатары көбейді. Атап айтсақ, 116 азамат мал шаруашылығын дамыту (111 азамат 410 320,0 мың теңге) және жолаушылар тасымалдау (5 азамат 28 150,0 мың теңге) мақсатында 438 466,0 мың теңге шағын несие алып, кәсібін дамытуда.
40 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарында оқыды, оқыған азаматтар арасынан 4 адам шағын несие алды, 26 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант алды.
Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 5126 азамат орналасты, оның ішінде 4964 азамат бос жұмыс орындарына, 162 азамат жаңа жұмыс орындарына жолданды.
Айта кетейік, ауданда әлеуметтік жұмыс орындарына 122 нысаналы топтағы азамат жолданды, жастар практикасын 280 азамат 29 жасқа дейінгі жас азаматтар жолданды, ал ақылы қоғамдық жұмысқа 191 азамат жолданды және мүмкіндігі шектеулі 161 адам жұмыспен қамтылды.