Ордабасы: Мал басы артты

اتا كاسىپتەن نەگە قاشادى؟

Бүгінде Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауыл округінде мал шаруашылығында айтарлықтай өсім бар. Мал басын көбейтуге мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп отыр. Ірі қара, жылқы, түйе, құс саны жылдан-жылға өсіп келеді. Асыл тұқымды шаруашылықтарда мал басы жедел көбейді.


Шұбар ауыл округі бойынша бүгінде 4 349 ірі қара, 2 958  жылқы, 30 597 уақ мал, 9 765  құс бар.  Ауыл округінде бірқатар шаруа қожалықтары "Құлан", "Сыбаға" және "Алтын асық" бағдарламаларына қатысып, төрт түліктің санын көбейткен. Бұдан өзге, ауылдық жерлерде құрылған кооператив мүшелері де мал сатып алу үшін жеңілдетілген несиеге қол жеткізуде.

Мәселен, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын уақ мал жоспар бойынша 200 болса, нақты 219  алынып, 109,5 пайызға орындалды. Ал «Құлан» бағдарламасы бойынша 24 жылқы алу жоспарланса, нақты 25-ке орындалып 104,1 пайызды құрады.

Сондай-ақ, Бруцеллезге, Сібір жарасына қарсы вакциналар бөлініп, егу жұмыстары жүргізілді. Көктемгі және күз айларында Қырым қанды қызбасына қарсы елді мекендердегі 241 572 шаршы метр аулалар мен қоралар, 143 800 шаршы метр суаттар мен мал иірімдері залалсыздандырылып, ірі қара бүркіліп, уақ малдар тоғытылды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ордабасы: Мал басы артты