Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округінде ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп саласына басымдық беріп отыр. Сондай-ақ, экспорттық әлеуетті арттырып, инвестиция көлемін де көбейту жоспарда бар.
Осы бағытта ауыл округінде «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.
«Мал шаруашылығын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасын» іске асыру мал бордақылау алаңшаларын ашу бойынша 5 тапсырма толық орындалды. Ауыл округі азаматтары өз қаражаттары есебінен Муталиев Алмас 20 жылқы, Жораев Ермек, Утенов Манат, Садиков Хабибулла, Умирбаев Мейрамбек 10-15 ірі қараға арналған мал бордақылау алаңшаларын ашты.
Жанұялық сүт фермасы бойынша берілгені 3 тапсырма – 3, ашылғаны – 3. Кожахметов Орал 32, Бейсеев Мухтар 37 және Ұябаев Онғар 31 сиырларды өз қаражаттары есебінен сатып алып, жанұялық сүт фермаларын ашты.
Үшжақты келісім-шартқа сәйкес, ауыл округіне берілген жылыжай құрылысын жүргізудің жылдық жоспары – 0,70 соттық, ал есепті кезеңде 1,15 га жерге жылыжай құрылысы салынып, 164 пайызға орындалды.
Көктемгі-күзгі мезгілде 188042 ш.м. қора-жайларды дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді. Мал иірімдері мен суаттарды дезинсекциялау жоспары – 20386 ш.м., орындалғаны 100 пайыз. Ірі қара малды бүрку – 3769, уақ малды тоғыту – 4472. Жоспар толығымен орындалды.