Балалар арасында індеттің таралмауы басты назарда

Screenshot_9.jpg

Оқу жылының басталуына байланысты Ордабасы ауданының ақ халаттылары  білім ошақтарында қандай  санитарлық талаптардың сақталуы тиіс екенін атап өтті. Кейбір интернеті жоқ ауылдардағы мектептер мен 15 баладан аспайтын кезекші сыныптардың қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқып жатқаны белгілі. Осы орайда індеттің таралуына жол бермеу үшін сабақ жүріп жатқан мектептерде келесідей санитарлық нормалар сақталуы тиіс. Біріншіден: парталар 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықта орналасуы; оқушыларды қабылдау кезінде температуралары өлшенуі; бетперделік режим сақталуы;, сыртқы кіреберісте дезинфекциялық кілемше болуы; есік тұтқасындағы шүберек әр екі сағат сайын залалсыздандырылып тұруы;, әр сыныпта антисептик құралдары  орнатылуы; әр үзіліс кезінде оқушылардың қолдары сабынмен немесе антисептик құралдарымен тазалануы  тиіс.  

  Ал балалар мына ережелерді қатаң сақтауы тиіс: адам көп жианалдатын жерге бармау, дұрыс және тойымды тамақтану, күн тәртібін сақтау, ұйқының қанық болуы, көшеден келгенде, дәретханадан соң, тамақтанар алдында қолды мұқият жуу. Ал ата-аналар  серуенге шыққанда бактерияға қарсы дымқыл майлық, санитайзер ала жүру, бала қолымен бетін ұстамасын, балаларды баспалдақтың тұтқасын ұстамауға үйрету, дүкенде, дәріхана, емхана, автобуста медициналық маска кию, баланы қағаз майлыққа, шынтаққа жөтелуге және түшкіруге үйрету, бірақ алақанға емес, бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалауы керек.  

  Егер мектеп әкімшілігі, ата-аналар және балалар аталған ережелерді сақтап, тазалықты ұстанса коронавирус инфекциясын жұқтырып алудан сақтанады. Қазіргі таңда мамандар аудандағы оқу жүріп жатқан білім ошақтарында санитарлық талаптардың сақталуын  қадағалауға алған.