Қажетті құрал берілді
Мамандардың пайымдауынша күз айларында коронавирус инфекциясының асқыну мүмкіндігі жоғары. Биылғыда Ордабасы ауданында індеттің ықтимал екінші тоқыны тыңғылықты дайындық жүргізілуде. Емдеу мекемесі пнвемонияға шалдыққан науқастарға аса қажетті оттегі концентраторлары мен өкпені жасанды желдету аппараттарымен толық жабдықталған. Аудандық әкімдіктің демеушілігімен ауруханаға 2 оттегі рампасы мен 40 дана оттегі баллоны жеткізілген. Сондай-ақ ауруханада 38 пульсоксиметр қолданыста болған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай құралдың тағы 62 данасын берген. Қазіргі таңда мекмеде бас аяғы 100 дана пульсоксиметр қолданыста бар. Айта кетейік, пульсоксиметр – капиллярлық қандағы оттегінің сатурация деңгейін инвазивті емес өлшеуге арналған медициналық бақылау-диагностикалық құрылғы болып табылады. Мамандардың пікірінше, денсаулық жағдайының ауырлығының негізгі көрсеткіші – адам ағзасындағы сатурация деңгейінің өзгеруі.
"Қазіргі жағдайда, томографияның деректері бойынша өкпе тінінің зақымдану көрсеткіші симптомсыз денсаулық жағдайының ауырлығын анықтай алмайды. Науқас жағдайының ауырлығын бағалау және ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтау үшін маңызды көрсеткіш – қандағы оттегі деңгейінің өзгеруі. Аурудың негізгі асқынуларының бірі – тыныс алу жеткіліксіздігі", дейді ордабасылық дәрігерлер.