Төрткүлде вирус жұқтырған науқастар үшін 50 төсек орын әзірленді
Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты емдеу мекемелерінің пандемияның екінші толқынына дайындығы жоғары деңгейде. Айталық 8 елді-мекенге медициналық қызмет көрсететін «Төрткүл» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымында науқастар үшін жалпы саны 50 төсек орын дайын тұр. Одан бөлек дәрілік препараттар, құрал-жабдықтар, оттегі ппараттарымен қамтамасыз етілген мекемеде арнайы сүзгі бөлмесі жұмыс істейді. Нысанға келген барлық науқастардың арасында дене қызуы жоғары, аурудың өзге де симптомдары байқалған пациенттер сол бөлмеге оқшауланып, дәрігердің тексеруінен өтеді. Егер күдік үдей түссе науқас жедел-жәрдеммен орталық ауруханаға жеткізіледі. «Негізінен бізге қарасты 1200-дей тұрғын бар. Алғашқы толқын кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау секілді өзге қалаларда жұмыс істейтін азаматтар үйіне оралды. Сол кезде біздің мамандар 13-14 мыңдай халыққа қызмет көрсетті. Құдай бетін әрі қылсын, дегенмен екінші толқын келетін болса мамандарымыз науқастарға күндіз-түні қызмет көрсетуге дайын»,- дейді БМСК аға дәрігері Әлия Өксікбаева тұрғындардан санитарлық талаптарды сақтап, өзін және жақындарын қауіпті індеттен сақтанып жүруге шақырды.