Студенттер парасыз сессияны қолдайды

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Саз колледжінде» «Саналы ұрпақ» жобасы мүшелері студенттерді қатыстыра отырып KAHOOT платформасында логикалық ойын ұйымдастырды. Ерекше басқосудың мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. 

 «Kahoot!» қатысушылардың белгілі бір тақырыптар туралы білімін тексеру үшін пайдаланылады. Кахутты қалай ойнауға болады?

Аудиторияда студенттер жай ғана сайтты ашып, сауалнамаға кіру үшін PIN-кодты енгізуі керек. Әрі қарай студенттер өз аттарын енгізіп, тест басталады. Викториналық сұрақтар мен жауаптар экранда пайда болады, ал қатысушылар ұялы телефондарынан немесе компьютерлерінен жауап береді. Тест сұрақтардың да уақыт лимитімен және дұрыс жауапты таңдауға да уақыт лимитімен ерекшеленеді. Тест жылдамдыққа арналған, кім тезірек жауап берсе, сол жеңеді. Сұрақтарға дұрыс жауаптар бонустық ұпайларға аударылады. Содан кейін жиналған ұпайлар әр сұрақтан кейін көшбасшыларды шығарады. 

Аталмыш ойын арқылы колледж шәкірттері сыбайлас жемқорлықтың білім саласына балта шабатынын түсініп, парасыз сессияларды қолдайтындарын жеткізді. 

Айта кетейік, «Саналы ұрпақ» жобасы сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп келеді. Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Студенттер парасыз сессияны қолдайды