Жолдау-ел дамуының айқын белгісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру үшін Түркістандағы Түркі тілдес халықтардың кітапханасында кездесу өтті. Кездесуде кітапханашы Г.Абдуллаева «Жолдау ел мұраты» тақырыбында баяндама жасады. Жиналыс соңында «Жолдау – ел дамуының айқын белгісі» атты кітап көрмесі қойылып шолу жасалынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған кестеге сәйкес, қалалық орталық кітапханада оқырмандар мен кітапханашылар арасында түсіндірме жұмыстары жүрді. Талқылау сағатына кітапханашылар мен кітапхананың белсенді оқырмандары қатысып, өз ойларын ортаға салып, соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кетері, президент жоғарыдағы Жолдауын халыққа былтыр қыркүйекте жариялаған болатын.
-Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.
Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.