«Түркістан: көне мен келешек көпірі»


7..jpeg

«Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер фестивалі мәресіне жетті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің бастамасымен ұйымдастырылған облыстық фестивальдің салтанатты шарасына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Түркістан қалалық Оқушылар сарайында өткен шарада фестиваль жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйытқы болуымен өткен өнер фестивалі облыстағы жас таланттарды, өнерлі өрендерді анықтау, оқушылардың мектептен тыс уақыттарын тиімді өткізу және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

«Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер фестивалі 2021 жылдың қаңтар айының 12 -сі күні Түркістан қаласы "Ақжайық" музыкалық мектебінен бастау алып облыстың 16 ауданында өткен болатын.

Көрерменсіз өткен «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер фестивалінде аудан, қала бойынша 3000- ға жуық өнерпаздар өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жас өнерпаздар бірнеше номинациялар бойынша сынға түсті. Өнер фестивалінде Төлеби, Ордабасы аудандарынан келген халық аспаптар оркестірі, Түркістан қаласы, Сайрам ауданынан 120-дан астам бишілер, дәстүрлі әншілер, скрипкашылар ансамблі, аккордеонистер мен сырнайшылар өз өнерлерін паш етті.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Түркістан: көне мен келешек көпірі»