Үйлер жаңарып жатыр

Screenshot_21.jpg

Республиканың үшінші мегаполисі атанған Шымқалада тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударылып келеді. Әсіресе қаланың көркін ашу үшін жаңартуды талап ететін баспаналар жаңарып, жаңаша келбетке ие болуда. Сондай-ақ ескірген тұрғын үйлердің қасбеттері де қала статусына сай әсемделуде. Мұның барлығы мемлекеттік бағдарламаның арқасында мүмкін болуда.

Айталық Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 70 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мамандардың айтуынша бүгінгі таңда 18 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал 37 тұрғын үйде жұмыстар жалғасу үстінде. Мәселен Сайрам шағын ауданында орналасқан Ерімбетов көшесіндегі №34а, 30, 33, 9 тұрғын үйлердің шатырлары ауыстырылып, кіреберіске жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кейбірінің қасбеті жаңа кейіпке енсе, енді бірінің лифттері жөнделген. Одан өзге жертөле, кәріз жүйесі, электротехникалық және монтаж жұмыстары атқарылған. Модернизациялау жұмыстарына жауапты - «Тұрғын үй- Шымкент» ЖШС-і мердігер мекемесі. 

Аяқталған жұмыстардың сапасы әрдайым қала әкімі Мұрат Әйтеновтің назарында. Шаһар басшысы ұдайы тұрғын үй төрайымдарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды аралап көруді әдетке айналдырған. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Үйлер жаңарып жатыр