Шаруаларға мемлекеттік қолдау тиімді көрсетіліп келеді

Screenshot_13.jpg

Қазақ халқы ежелден мал және егін шаруашылығына бейім халық. Республиканың қай өңірі болмасын климатына сай өнім егіп, мал өсірумен айналысуда. Бұл сала – экономиканың әлеуетін арттырып отырған бағыттардың бірі. Сондықтан мемлекет ауылшаруашылығын дамыту үшін көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі бүгінде талайға демеу болған «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама Шымкент қаласында да 2019 жылдан бері ойдағыдай атқарылып келеді. 

 Атап айтқанда, 2019 жылы 76 шаруаға 1 114  миллион теңге субсидия берілсе, өткен жылы 102 азаматқа 1 069,3 млн теңге қаржы үлестірілген. Ал, осы жыл мал шаруашылығын дамыту мақсатында 1 425,1 млн теңге субсидия қаралып отыр. 

Шаруаларға берілген мемлекеттік қолдаудың арқасында 2019 жылы өндірілетін ет 14,1 мың тоннаға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 124,6 пайызға артқан (2018ж. 11,3 мың тонна). Өткен жылдың 11 айында қалада 13,1 мың тонна ет өндіріліп, 2019 жылдың (12,6 тонна) тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға артқан. 

Ауылшаруашылық өнімдерінен сүт өндірісі де жылдан-жылға дамып отыр. Мамандардың мәліметі бойынша 2019 жылы 45,9 мың тоннаға жетіп (2018 ж. 45,4 мың тонна) 101,2 пайызды құраса, өткен жылы 11 айында сүт өндірісінің көлемі 43,9 мың тоннаға жетті (2019 ж. 11 айында 42,7 мың тонна). 

Сонымен қатар, Шымкентте өндірілетін жұмыртқа өндірісінің үлесінде де өсу бар. Былтырғы  жылдың 11 айында 146,1 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылдың (110,5 млн дана) осы кезеңімен салыстырғанда 132,5 пайызға артқан. 

Шаһарда мал шаруашылығы өнімнің көлемі 2019 жылы 19,4 млрд теңгені құраған. Ал, өткен жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 19,9 млрд теңгеге жеткен. 

Биыл шаруаларға мемлекеттік қолдауды тиімді үлестірудің арқасында 14,5 мың тонна ет, 46,7 мың тоннаға сүт, жұмыртқаның көлемін 150  млн данаға жеткізу жоспарланып отыр дейді салаға жауаптылар.