«Шымкент Ситиде» құрылыс қарқын алған

Screenshot_18.png

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Шымкентте 2 768 адам несие негізінде тұрғын үй алған. Оның ішінде 836 адам — тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар: мемлекеттік, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері — 438 адам, мүгедектер — 15, көп балалы отбасылар — 161, толық емес отбасылар — 150, мүгедек балалары бар отбасылар — 68, зейнеткерлер — 4 адам. Биыл да мемлекеттің қолдауымен біраз шымкенттік  Шымкент Сити шағын ауданында қоныс тойын тойламақ. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың құрылыс алаңдарын аралау барысында аталмыш шағын ауданына барған еді. Әкім мұндағы «Shymkent «ӘКК» АҚ-мен іске асырылып жатқан «Элит Строй Компани» ЖШС және «Damdes Құрылыс Инвест» мердігерлерінің салып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды.  Онда 60 мың шаршы метрді құрайтын 784 пәтердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Сонымен қатар, әкім «Shymkent «ӘКК» АҚ-ның қаладағы девелопмент секторын (тұрғын-үй кешендері, сауда орталықтары) дамыту мақсатында атқарып жатқан жұмыс барысы мен жоспарларын тыңдады. Басқарма төрағасы Б.Канкиннің айтуы бойынша ӘКК-ның инвестициялық қоржыны тұрғын-үй кешенін салу құрылысы саласында жалпы инвестиция сомасы 400 млрд теңге болатын 2025 жылға дейін 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бере отырып, 14 жобаны қамтиды. 

Сондай-ақ, қалада СО мен жатақханаға да сұраныс бар екенін жеткізді. Осыған байланысты ӘКК инвесторларды тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта 17 әлеуетті инвестор аз қабатты тұрғын үйлер, сауда орталықтарын және жатақхана құрылысы жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Бұл жобалардың инвестициялық қаржысы 200 млрд.теңгені құрайды.

Өз кезегінде қала әкімі инвесторларды осы бағытта белсенділік танытуға шақырды және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында қандай да бір мәселелер туындаса әрбір кәсіпкерді жеке тыңдауға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Шымкент Ситиде» құрылыс қарқын алған