Тұрғындардың цифрлық сауаттылығы артып келеді

Screenshot_20.png

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік салаларын цифрландыру жұмыстары қарқын алды. 

Айталық  «IoT элементтерін әлеуметтік ортаға енгізу» жобасы  шеңберінде  қала аумағында орналасқан 127 әлеуметтік нысандарда (65 мектепте, 44 балабақшада, 18 емханада) деректерді қашықтықтан беретін коммуналдық қызметтерді (ауыз су, жылу және электр) есептеу құралдары орнатылды. Осы цифрлық жобаларды іске асыру нәтижесінде шығындарды азайтып, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілерде коммуналдық қызметтерді тиімді пайдалануға, коммуналдық желілердегі апатты жағдайларға жедел ден қоюға және қалпына келтіруге, апаттың орнын нақты анықтауға, адамның қатысуынсыз тұтынылған қызметтер үшін көрсеткіштерді қашықтан алуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, «Халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін арттыру курстарын өткізу» жобасы шеңберінде 2020 жылы жоспарлы индикатор ретінде халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 80%-ға дейін жеткізу айқындалған. Осы көрсеткішті орындау бойынша тиісті жұмыстар толығымен аяқталды дейді мамандар. Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша 12 022 (жоспар бойынша 12 000) қала тұрғындары онлайн оқытудан өтіп, цифрлық сауаттылығын арттырған.  Бес бағыт бойынша цифрландыру жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады.