«Цифрлы Қазақстан» сотқа да жетті

 Screenshot_17.png

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Бас прокуратура «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінің негізінде «Төрелік» сот ақпараттық жүйесімен үйлестірілген «Электрондық қылмыстық іс» модулін әзірлеген болатын. Бұл қылмыстық сот өндірісінің барлық кезеңдерін, яғни құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімінің шығарылуына дейін цифрландыруға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде 2020 жыл­дан бастап Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қылмыстық істерге қатысты шешімдер мен әрекеттерді енгізу және олардың заңдылығының сақталуын қадағалап келеді.

Құқықбұзушылықтың алдын-алу және қылмыс санын азайту мәселелері де прокуратураның назарында. Осы бағытта бірқатар талдау жүргізіліп, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне қадағалау актілері енгізілген. Оларды қарау нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізіледі, сонымен қатар, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, оларды сақтау қамтамасыз етілуде.

"Әскердегі құқықбұзушылықтардың алдын алуды, оның жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді жетілдіру қажет екенін айтқым келеді. Ал, әскери тәртіпті барынша арттыру арқылы қызметті бағалау критерийлерін әзірлеуді қарастыруға болады. Бұл әскерилердің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға ықпал ететініне сенімім мол",- дейдіШымкент гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры, әділет майоры Бақытжан Нұрмаханбетов.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Цифрлы Қазақстан» сотқа да жетті