Түлкібаста ағын су мәселесі шешімін тапты
Халыққа арнаған былтырғы Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев суландыру жүйесіне заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу қажеттігін тапсырған болатын. Бүгінде суландыру бағыты бойынша Түркістан облысында бірқатар жобалар жүзеге асуда.
Мәселен Түлкібас ауданында 11 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары бастау алды. Республикалық «ҚазСуШар» мекемесінің теңгеріміндегі нысандардың құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталуы жоспарлануда.
-Аталған каналдардағы құрылыс жұмыстары биылғы егіндікті суару маусымына әсер етіп, диханшылық және мал асыраумен айналысып отырған тұрғындарға қиыншылық тудырып отырған-ды.
Мәселенің бар маңыздылығын ескере келе аудан әкімі Нұрлан Байғұт «ҚазСуШар» мекемесінің жаңадан тағайындалған облыстық басшылығын ауданға арнайы шақыртып, өзекті мәселенінің шешу жолдарын тұрғындармен бірге талқылаған болатын.
Міне, арада көп ұзамай тұрғындармен кездесуде белгіленген уақыт ішінде аталмыш мәселе шешімін тауып, көпшілік өтініші қанағаттандырылды. Атап айтқанда, Арыс ауылдық округіне қарасты «Қызыл», Кемербастау ауылдық округіне қарасты «Ұзын», Тастұмсық пен Жаскешу ауылдық округтеріне қарасы «Жоғарғы» және «Төменгі» каналдарына ағын су жіберілді. Алдағы күндері басқа да су нысандарына кезең-кезеңімен су жіберіледі,-деп хабарлады Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.