Қыстың қамын жаз ойла

Screenshot_13.png

Шымкент қаласы Қаратау ауданында қыс маусымына дайындық жұмыстары қызып тұр. Көпқабатты тұрғын үйлерді аудан әкімі Абзал Әліқұлов арнайы аралап, сығымдау жұмыстарын 1- ші қыркүйекке дейн бітіруге бел буып отыр.

Қыстың қамын жаз ойла. Осы қағиданы  ұстанған Қаратаудың әкімі қыс маусымына  дайындық жұмыстарын өз бақылауына алып отыр. Көп қабатты үйлердің жертөлесін  арнайы барып көріп тұрғын-үй, коммунладық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған сығымдау жұмыстарының жай-күйімен танысты.  Жұртшылықпен  жүздесіп маңызды мәселені бірлесіп шешуде. Белсенді тұрғындар жеке компаниялармен келісім-шарт жасасып жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастап кеткен.

"Алғашқы кезде жылуымыз жақсы емес еді.Қазір жылытудан мәселе жоқ",- дейді үй төрайымы Күләзия Ермекбаева.

Көпқабатты үйлердің  жертөлесіндегі жылу жүйесіне тұрғындар өздері жауапты. Қаратаулықтар өздері қаржы жинап сығымдау жұмыстарын жеке компанияларға тапсырған. Мердігерлер  өз кезегінде  сығымдау жұмыстарына жауапты. Жылыту маусымында авариялық жағдай орын алса олар ақауды дер кезінде жөндеп тұрады.

Аудан әкімі Нұрсәт шағынауданындағы жылыту қазандығының жай күйімен де танысты. Онда қазір жүйені тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мекеме дайындық жұмыстарына жылдағыдай 10 күн емес бір ай уақыт бөлген.  Жаңа маусымда олқылықтарға жол бермеуге тырысып бағуда.

"Біз жоспарлы түрде 1-ші қыркүйекке дейін бітеміз деп жоспарлап отырмыз",- дейді Қаратау ауданының әкіміАбзал Әліқұлов.

Ауданда  441 көп қабатты тұрғын үй болса, оның 378-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал 63 көпқабатты үй дербес жылу жүйесін тұтынады.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қыстың қамын жаз ойла