Өнеркәсіп өрге домалап келеді
Шымкентте "Бизнестің жол картасы 2025", "2020-2025 жылдарға ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" сынды бағдарламалардың арқасында жыл басынан 295 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Айтакетерлігі өнеркәсіптегі табыстың 85 пайызы өңдеу саласына тиесілі. 12 пайызын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласы еншілесе қалғанын қалдықтарды өңдеу, кәріз жүйесі және кен өндіру ісі құрап отыр.
Статистикаға сүйенсек, Шымкентте бас-аяғы 719 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ірі 24-і ірі, 49-ы орта қалған шағын цехтар. Барлығы да белсенді. Өндірген өнім ішкі және сыртқы нарыққа еш кедергісіз саудаланып жатыр.
"Шымкент қаласындағы отандық өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында барлық осы мемлекеттік сатып алынатын тауарлардың барлығы өзіміздің жергілікті өндірушілерден болсын деген меже қойылған",- дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.
Қаладағы 24 ірі кәсіпорының бірі «Asia Trafo» зауыты. Мұнда негізінен ірі көлемдегі трансформаторлар мен реакторлар шығарылады. Бүгінде қуаттылығы 110 нан бастап 500 мегаволттық трансформаторар дайындайтын зауыт тек елімізде ғана емес ортазияда да теңдессіз.
Мұндай алып трансформаторлар орта Азия бойынша тек Шымкентте ғана шығарылады. 210 жұмысшы еңбек ететін кәсіпорын жылына 120 трансформатор құрастырып шығаруға қауқарлы. Ал өнімнің сапасына кепілдік бар. Бұл жерде дайындалған трансформаторлар 20-30 жылға дейін қызмет көрсетеді.
"Бізде қолданылып жатқан технология соңғы технология болып табылады. Осы жерде көріп отырған құрал саймандар барлығы европалық соңғы үлгідегі жасалған құралдар болып табылады. Яғни бұл құралдармен жасалған мүмкіндік бізге өте дәлдікпен сапалы жасауға мүмкіндік береді",- дейді «Asia Trafo» зауытының техникалық директоры Әділбек Тәжібаев.
Кәсіпорынның теңдессіз саналуының басты себебі мұнда трансформаторлар тапсырыс берушінің талғамына сай етіп кез-келген үлгіде жасалады. Ол үшін 200-ден астам маман еңбек етіп жатыр. Олардың алтауы шетелден шақыртылған.
Статистикаға сүйенсек Шымкенттегі өнеркәсіп орындарында 33 мыңға жуық азамат жұмыс істейді. Биыл солардың қолымен 710 миллиард теңгенің өнімін өндіріледі деп жоспарланып отыр. Егер меже орындалса нақты көлем индексі 102 пайызға орындалады.