№1 –ші зауыт
«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Tectum Engineering» зауытында жылына 2 млн-ға жуық шифер шығарылады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба 2014 жылы іске қосылды. Аз ғана уақыттың ішінде өндіріс ошағының жұмысы алға басып, бүгінде елімізде шифер өндіретін №1 –ші зауытқа айналды.иОтандық өнім еліміздің түкпір-түкпіріне экспортталуда.
«Біздің шиферлер бастапқы дайындау бөлімінен бастап, асбес пен цемент қоспасымен араластырып, шифер иленіледі»,- дейді «Tectum Engineering» ЖШС зауытының лаборатория басшысы Ғалия Батырбекова.
Бүгінде зауыт өнімдерді «Хатчек» әдісімен шығарылады. Мұнда техникалардың барлығы соңғы үлгідегі заманауи жабдықтар. Тауардың сапасы стандартқа сай, сондықтан сұраныс та жоғары. Әрі бағасы да қолжетімді. Шығарылған өнімдер еліміздің барлық қалаларына жөнелтіледі. Тіпті шет мемлекеттер де арнайы тапсырыспен алдыратын көрінеді.
«Жоспарымыз бір жылда шығарылатын өнімді 2.5 млн данадан 3.5 данаға дейін көтеру. Тағы да апппараттар әкелсе, жоспарды орындауға тырысамыз»,- дейді «Tectum Engineering» ЖШС зауытының заңгері Қуандық Зейноллаев.
Қазіргі таңда зауытта 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Кәсіпорын басшысы қызметкерлерге барлық жағдайын жасаған. Жоғары жалақы, уақытылы берілетін 3 мезгіл тамақ қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын одан сайын ашатын көрінеді.
«Tectum Engineering» зауытында хризотилді цемент шатыры, боялған шатыр, жалпақ лист, хризотилді цемент құбырлары және хризотил цементті сайдинг өнімдерін шығарады. Қажетті шикізаттың барлығы отандық. Зауыт басшысы алдағы уақытта өндірістің жаңа жүйесін енгізіп, нарыққа жаңа өнім түрін ұсынуды көздеп отыр. Сондай-ақ жұмыс орындарын көбейтіп, жылдық қуаттылығын арттыру да жоспарда бар.