" />


" /> Түркияда "Қазақстан - ұлылардың отаны" атты велосаяхат ұйымдастырылады--Diagnews.Kz

Түркияда "Қазақстан - ұлылардың отаны" атты велосаяхат ұйымдастырылады

Түркістанда туризм саласын дамыту күн тәртібінде тұрған мәселе. Бүгінде бұл бағытта Түркі елдерінің түпкі төрі саналған қалада игі бастамалар жүзеге асуда.

image.png

Түркияда белгілі волонтер Дамир Көшеев "Қазақстан - ұлылар Отаны" атты велосаяхат жасайды. Саяхат "Ыстамбұл-Анталья-Анкара-Ыстамбұл" бағытында жүреді. Жалпы қашықтық – 2500 шақырымды құрайды. Жоба – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. «Turan-TV» телеарнасы саяхатты түгел таспаға түсіріп, көрермен назарына ұсынатын болады. Бұл туралы брифингте телеарна директоры Роман Ботабеков мәлімдеді.

Волонтер Дамир Көшеев аталған саяхат екі елдің достығы мен бауырластығына арналатындығын жеткізді.

- «Түркия – еліміздің егемендігін алғаш мойындаған бауырлас мемлекет. Отыз жыл бойы достық қарым-қатынас жасап келеміз. Түрік ағайындар ұлы ақынымыз Абайға арнап саябақ, ескерткіш орнатты. Бұл ел мен тұлғаларға деген құрмет. Біздің саяхаттың тағы бір мақсаты - туыс елге алғыс білдіру, құрмет көрсету», - деді Дамир Мархабатұлы.

Волонтер Дамир Көшеев бұған дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы қаласынан Жидебай ауылына дейін 1200 шақырым жолды 46 күнде жаяу жүріп өткен. Сондай-ақ, Алматыдан Ақтөбе қаласына велосипедпен 2200 шақырым жолды 24 күнде бағындырған.