Сауран ауданында 700 орындық мешіттің құрылысы басталды

Жаңадан құрылған Сауран ауданы, Ескi Иқан ауылдық округіне қарасты Достық ауылында жаңа мешіттің құрылысы басталды. Демеушілердің көмегімен салынып жатқан мешіттің жалпы алаңы 360 шаршы метрді құрайды. Мешіт құрылысына демеушілік жасап отырған Түркiстан қаласының тұрғыны, кәсіпкер Саид Бөрібайұлы.

image.png

Жоба бойынша мешітте 700 адам бір мезетте намаз оқи алады. Жаңа мешіт осы жылдың аяғында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, медресе мен автотұрақ салынады деп көзделуде.

Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Түркістан облысын құру туралы» Жарлыққа қол қойып, осылайша, Елбасы қабылдаған стратегиялық шешім күллі түркі жұртының рухани астанасы болған Түркістанның қайта түлеуіне үлкен серпіліс берді. Ағымдағы жылғы 12 наурыздағы Жарлығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталығы Шорнақ ауылында орналасқан, құрамына 12 ауыл округі енгізілген Сауран ауданы құрылған болатын. Бұл – үлкен жеңіс, тарихи оқиға. Аудан орталығы Шорнақ ауылы болатын жаңа ауданның әкімшілік-аумақтық құрамына Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кірді.