Асарда 7,2 шақырымға электр желісі тартылды
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қарқын алуда. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында бүгінде тұрғындар сапалсы жарық, көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
Осыторайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым және инженерлік жүйелердің құрылыс барысын аралап, жұмыс сапасымен танысты.
Алдымен «Асар-2» шағынауданының газ, ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.
Шағынауданда ауыз су жүйелерінің құрылысына жауапты мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Су жүйелерінің ұзындығы – 156,1 шақырымды құрайды. Бүгінге дейін жауапты мамандар жұмыстың 65 пайызын орындап үлгеріпті. Құрылыс жұмыстары кесте бойынша атқарылуда дейді компания өкілдері.
«Монолит дизайн» ЖШС кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Кəріз жүйелерінің ұзындығы – 39,6 шақырымды құрайды. Әзірге 10 пайыз жұмыстар орындалған.
Табиғи газ жүйелерінің құрылысын «Отау строй» ЖШС мойнына алған көрінеді. Бүгінде 60 пайыз жұмыстар орындалған. Газ жүйелерінің ұзындығы – 50,04 шақырымды құрайды. Құрылысты аяқтау мерзімі – кестеге сай.
Сондай-ақ, электр қуатымен қамту бойынша мердігер «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар аяқталған. Елдімекенде 87,2 шақырым электр желісі тартылып, РП - 1 дана, КТП - 24 дана орнатылған.
Асар-2 шағын ауданында жаңадан салынып жатқан электр жүйелерінің қосылу көзі болып табылатын 110/35/10 кВ "1-М-1" және "Бозарық" қосалқы станцияларының құрылысы аяқталуда. Аталған екі электр таратушы қосалқы станциялардың құрылысы аяқталған соң, Асар-2 шағын ауданы сапалы электр қуатымен қамтылады деп күтілуде.