Үш кітапхана жаңарды

Screenshot_3.png

Адамзаттың саналы тіршілігіндегі ең үлкен жетістігі – кітап шығару өнерін игеруі десек, титтей де артық айтқандық емес. Өйткені өркениетті қоғам білімді, зерделі ұрпақ танымына тікелей тәуелді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің халыққа Жолдауында айрықша мән беріп, ХХІ ғасырдағы қазақтың болмысы деген мәселені көтерген болатын. Сонда санамалап көрсетілген негізгі 7 мәселенің бірінші және басты тармағы ретінде қазақ жастары білімді болуы керек деген тұжырым алға шықты.сол білімнің қайнар көзі - кітап, ал кітаптың ордасы ол - кітапхана. Сондықтан Мемлекет басшысы еліміздегі кітапханаларды жаңғыртуды тапсырған болатын.

Президент тапсырмасына орай биыл Шымкентте 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Алғашқы кезеңде 6 кітапхананы, ІІ-кезеңінде 4 кітапхананы тапсыру көзделген. 

Бұған дейін І-кезеңге жоспарланған 3 кітапхана ашылған болса, бүгін елорда күніне орай қалған 3 кітапхананың жөндеу жұмыстары бітіп, ел игіліне берілді.

Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылды.

Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға басты деуге болады.

Еске сала кетсек, ІІ-кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмыстары күз айларында жүргізілмек.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Үш кітапхана жаңарды