"Тәуелсіздік - тірегім» байқауының жеңімпаздары анықталды

12.jpg

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және “Jas Otan” жастар қанаты  Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тірегім» атты онлайн эссе байқауы жарияланған болатын. Жуырда байқаудың қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Байқаудың мақсаты жастарды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Жастардың бойында рухани-адамгершілігін ояту және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру.

Байқау нәтижесі бойынша:

І-орын Топанбай Мейрхан

ІІ-орын Шамшидин Жанерке

ІІІ-орын Бекзада Жансерік иеленді.

Байқауды ұйымдастырушылар жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтайды. 

Жалпы биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы әртүрлі іс-шаралармен аталып өтуде. Осы отыз жыл ішінде Қазақстан өзге елдермен терезесі тең ел ғана емес, әлемде өзінің үлкен абырой-беделін қалыптастырған, экономикада, әлеуметтік салада жоғары жетістіктерге жеткен мемлекетке айналды.  Мұны бүгінде халықаралық қауымдастықтар да мойындауда. Жоғарыда байқаудың басты мақсаты осы жетістіктерді, Тәуелсіздік шежіресін жас ұрпақтың бойына сіңіру болып табылады.